психолог, Ержан Мырзабаев, тұрмысқа шығу, отбасы,

Психолог: Қазақтың тарихы мен салт-дәстүрі әлі де дұрыс деңгейде зерттелмеген

Отбасы мәселесі қазақ қоғамында ұзақ жылдар бойы зерттеліп келе жатқан өзекті тақырыптардың бірі. Соңғы жылдары елімізде отбасы құндылықтары мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, түрлі жобалар іске асырылуда. Отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша қазақтың тарихы мен салт-дәстүрі әлі де дұрыс деңгейде зерттелмеген.

«Бүгінгі қазақ қоғамында әйел теңдігі өзекті мәселелердің біріне айналды. Тұрмысқа шыққан қыз баласына айтылатын тілектердің ішінде "Тастай батып судай сің" көп кездеседі. Дегенмен біздің қазақ бұл терминнің мәнісін дұрыс түсіне алмай жүр. Олардың ойынша тұрмысқа шыққан қыз өз жұртын ұмытып, сол жерде қандай жағдай болмасын өлігі шығуы тиіс деген қате пікірде жүр. Алайда бұның терең мәніне ешкім үңіліп қарап отырған жоқ. Тастай бату үшін барған жерің судай жұмсақ болуы керек, ал судай сіңу үшін топырақтай құнарлы болуы керек. Мұндағы терең философия бір жағынан қызға, екінші жағынан қызды келін етіп алып отырған ата-енесіне айтып отыр. Келінге жұмсақ болсаңыз ол сізге сіңіп кететіндіге күмәнданбасаңыз болады», - дейді психолог өзінің Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.

Жалпы психолог Ержан Мырзабаев бүгінгі қазақ қоғамындағы отбасы мәселесіне байланысты қате пікірлер КСРО үкіметінің тәрбиесінен келгендігін алға тартады.  Сонымен қатар оның айтуынша бүгінгі қазақтардың келінге деген көзқарасы шынайы қазақи емес. Отбасы жауапкершілігін тек әйелге артып қойғандығы мен қатар әке рөлі құлдырап бара жатқандығын мәлімдеді.

Гүлім Муратали


Талқылау