қазақ тілі, Qazaqsha Jaz,

"Qazaqsha Jaz" қозғалысының 7-күнгі жетістіктері

Бір апта бұрын желіде қазақша ақпаратты талап ететін «Qazaqsha Jaz» бейбіт қозғалысы өз жұмысын бастаған еді. Олардың 7 күнде жеткен жетістіктеріне көз жүгіртіп өтейік.

«Qazaqsha Jaz» – бұл елімізде халыққа қызмет көрсетіп, тауарларын өткізетін компаниялардан қазақша жазуын талап ететін бейбіт қозғалыс.

-       Бәрі Qazaq Republic аккаунтында қазақша жазуды талап етуден басталған еді. Талап етуші шағын топ осы арамызда отыр. Одан кейін ортақ чат ашылып, қазақ тіліне жаны ашып жүрген адамдарды жинай бастадық. Екі күннің ішінде 600 адамнан асып жығылдық. Бұл - қазақ тілінің өзектілігі қандай екенін анық көрсетіп тұр, - дейді қазақша ақпарат талап еткен еріктілердің Telegram чатында.

Олардың айтуынша, Әлеуметтік желілерде тек орыс тілінде коммуникация жасауды қазақ тілді аудиторияны кемсіту, менсінбеу және құқын бұзу деп есептейді. Қазақстанда қазақ тілді аудиторияға қызмет/тауар ұсынып отырған компаниялар қазақ тілді аудиторияның талабын ескеруі қажет. Еріктілер аккаунттарын тек орыс тілде жүргізетін белгілі компаниялардың парақшаларында қазақша пікір қалдырып, қазақша ақпарат берілуін сұрайды. Барлығы тек сыпайы форматта, ешқандай дөрекіліксіз жүреді.

«Qazaqsha Jaz» қозғалысы сесми түрде шілденің 20-сы басталған еді. Содан бері он шақты компания парақшаларын қазақша жүргізе бастады. Ол қандай компаниялар?

·        @qazaq.republic

·        @kfc_kz

·        @samsungkz

·        @chokofamily.kz

·        @glovo_kz

·        @technodomkz

·        @starbukskz

·        @mechta.kz

·        @lg_electronics_kz

·        @rahmetapp

·        @astana_motors

·        @burgerking_kz

Сондай-ақ, бұл тізімдегілерден бөлек «Qazaqsha Jaz» қозғалыс мүшелерінің өтінішін күтпей, өз бетінше қазақша ақпарат тарата бастаған компаниялар да бар.

«Qazaqsha Jaz» қозғалысы парақшалардан әдетте 4 нәрсе сұрайды. Ол - Қазақша жазуға келісуі керек; Парақша биосын, маңдайшадағы сипаттамасын қазақшалауы керек; Орысшамен қатар қазақша қызмет көрсетуі керек (жазбада, пікірде, жекеде, стористе); Кез келген жазбада қазақша мәтін бірінші/үстінде тұруы керек.


Талқылау