UEFA, Барселона, Реал Мадрид, Ювентус, футбол, Лига Чемпионов,

«Реал», «Барселона» және «Ювентус» командалары Чемпиондар Лигасына қатыстырылмайды

УЕФА басшылығы «Реал», «Барселона» және «Ювентус» командаларын Суперлиганы ашуға қатысқаны үшін Чемпиондар лигасында ойнау құқығынан айырмақ, деп хабарлайды prosports.kz.

Сондай-ақ шеттетумен қоса аталған командаларға ірі көлемде айыппұл тағайындалуы мүмкін. УЕФА Суперлиганың бұрынғы қатысушыларын жазалау туралы шешімге 7 мамырда келді. Енді тоғыз клуб Еуропа футболын дамытуға 15 миллион еуро қайырымдылық жарнасын төлеуі тиіс. Бұдан бөлек маусым сайын УЕФА қарамағындағы клубтық жарыстардан түскен кірістің 5% -ын өтемақы ретінде қайтаруға міндеттелді.

Айта кетейік, 19 сәуірде "Реал Мадрид" клубының Президенті Флорентино Перес 12 команданың қатысуымен Суперлига құратынын мәлімдеді. Алайда екі күннен кейін тоғыз команда лигадан бас тартты. Ал «Реал Мадрид», «Барселона» және «Ювентус» әлі күнге дейін аталған лигадан шыққан жоқ.


Талқылау