Реал Мадрид, Челси, Чемпиондар лигасы, жартылай финал, Испания, Англия,

Реал Мадрид өз алаңында Челсимен тең түсті

Чемпиондар Лигасы жартылай финалының алғашқы ойыны «Реал Мадрид» (Испания) пен «Челси» (Англия) командалары арасында өтіп, таразы бас тең түсті.

Ойынды Челси командасы қарқынмен бастады. Алғашқы минуттардан-ақ қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, допқа иелік ету жағынан басымдыққа ие болды. Бұл әрекет өз нәтижесін бермей қоймады. 14-ші минутта Кристиан Пулишич есеп ашты. Артынша алаң иелері бірден жауап добын соғуға тырысып бақты. Карим Бенземаның сол аяқпен шірене тартқан добы қақпа бағанасына тиіп, қарсыластарды бір сілкіп алды. Француз шабуылшысы дегеніне жетпей қоймады. 29-шы минутта келген мүмкіндікті сәтті пайдалана алды. Есеп 1:1.

Ойын соңына дейін екі командада да есеп айырмасын арттыратын қауіпті сәттер аз болмады. Дегенмен, біреуге сәттілік жетіспесе, енді біріне шеберлік тұсау салды.   

Есеп 1:1 болғанымен, Мадридтік клуб «жеңілді». Олай дейтініміз Зинедин Зидан шәкірттері өз алаңында гол жіберді және бір ғана жауап добын соға алды. Бұл екінші кездесуде Испандық клубқа оңай болмайды деген сөз.

Қарымта матч 5 мамыр күні Лондонда өтеді.


Талқылау

Ұсыныстар
Forbes журналы әлемдегі ең қымбат футбол клубын анықтады
13сәуір

Forbes журналы әлемдегі ең қымбат футбол клубын анықтады

11:54