Донбасс, АҚШ, Ресей, қару-жарақ, әскер, Украина,

Ресей не үшін Донбасс маңына 115 мың әскер қойды?

Бұл жағдайды батыстық сарапшылар Украинаға басып кіруге әзірлік десе, Ресей Пентагонның Қара теңізге кеме жіберіп, Киевке бірталай қару-жарақ жеткізуіне алаңдап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ Киевке көмек көрсетпесе, Путин Украинаға тағы да агрессия жасап, көршісінің жерін әрі қарай басып алуы мүмкін деп санайды кейбір бақылаушылар.

Батыс баспасөздері бұл шоғырлану Ресей басқыншылығының бастамасы болуы мүмкін. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен айтқандай, Путиннің "ойын кітабы" бойынша, Ресей алдымен шекараның жанына әскер жинап, содан кейін "арандатушылық жасалды деген желеумен" көрші елге басып кіреді.

Сондай-ақ НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина шекарасында ресейдің шоғырланып отырғанын және Мәскеу бұрын да көрші елдерге шапқыншылық жасау үшін дәл осындай сценарийді қолданғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Ресей Украинаның Қырым түбегін басып алған еді. Донбасс аймағындағы қақтығыстан 14 мыңға жуық адам қаза тапты. Ал енді Украина ресейлік 115 000 әскердің өз шекарасы маңында шоғырланып тұрғанын айтуда.

Ресей болса Киевтің батыстағы серіктесі адам өлтіретін заманауи қару-жарақ жеткізіп жатқанын, Қара теңізге және біздің шекарамызға жақын аймақтарға әскери жаттығулар өткізу арқылы жағдайды ушықтырып жатқанын айтты.

сурет: inbusiness.kz


Талқылау

Ұсыныстар
АҚШ Украинаға 80 тонна қару-жарақ жеткізді
15қараша

АҚШ Украинаға 80 тонна қару-жарақ жеткізді

19:14