автонарық, көлік, баға, санкция, ресей, қытай,

Ресейдегі санкциялар автонарыққа кері әсерін тигізіп отыр

“Қазіргі таңда Ресейдегі жағдайға байланысты жабдықтарды әкелу қиын болып жатқандықтан, логистиканы қайта Қытаймен жүргізіп жатырмыз”

Ресейге салынған санкциялар еліміздің автонарығына кері әсерін тигізуде. Бұл ақпаратты «Желмая» жобасында Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов жеткізді.

“Әрине, әрбір геополитикалық және экономикалық мәселелер дүниежүзіндегі барлық экономикаға әсерін тигізеді. Бұл жағдай тек автокөлік өндірісі ғана емес, басқа да салаларға зардабын әкелді. Мәселен-логистика. Коронавирус пандемиясы болған сәтте елімізде Қытаймен шекара жабылды. Көлік бөлшектерін әкелу үшін 3-4 ай бойы күттік. Бұл біз үшін қиыншылыққа соқты. Сондықтан Қытай емес, тікелей Ресей арқылы әкеле бастадық. Ал, қазіргі таңда Ресейдегі жағдайға байланысты жабдықтарды әкелу қиын болып жатқандықтан, логистиканы қайта Қытаймен жүргізіп жатырмыз”,-деді Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпілов.


Талқылау