фильм, жанр, боевик, комедия, мелодрама, ужастик, криминал, детекттив,

Сүйікті фильм жанрыңыз сіз туралы не айтады?

Кино бұл өнер, ал фильм сол өнердің туындысы. Қазіргі уақытта фильм жанрлары ауқымды және олардың түрлеріне қарай адамға әсеріде әртүрлі. Бірақ фильм жанры адам таңдамайды. Есесіне адамдарға әртүрлі фильм жанрлары ұнап жатады. Ал адамдардың таңдауына қарап олар туралы білуге болады. Сонымен қоса фильм арқылы мемлекеттің ұстанатын идеялогиясын, мәдениеті мен өркениетін танып білуге болады.

Адамдар өз мінез-құлқына сай фильм жанрын таңдайды немесе жанр арқылы өз мінез-құлқын қалыптастырып жатады.

Бүгін біз ең танымал 5 фильм жанырларының адам өміріндегі әсерімен бөлісетін боламыз.

1.Қорқынышты фильм жанры(ужастик). Бұл жанрды таңдаудың екі түрлі себебі анықталған біріншісі, адреналин алу мақсатында. Яғни, бұл тиіптегі адамдар да шын өмірде қорқыныш эмоциясы төмен болады, олар қателесуден қорықпайтын тәуекелшіл жандар болып келеді. Зерттеулерге қарағанда, бір жарым сағатта қорқынышты фильмді көріп отырған адам шамамен 113 калорияны жағады. Шамамен бұл сомма бір шоколад батонында бар және жарты сағат жаяу жүргенде күйіп кетеді. Қорқынышты фильмдер мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Қарау кезінде дене адреналин, глюкоза және стероидты гормон кортизол шығарады.

Ал, екінші түрін, өз фобиясын жеңудің бір көзі болғандықтан таңдаңтайтын адамдар қатары толтырады. Бұл өмірде тәртіпке келісуші ретінде емес, жазаланушы сыйақты бой ұсынатын, балалық шағында психологиялық соққы алған адамдардың түріне жатады.

Бұл санаттағы адамдар қорқынышты фильм көруге қорқады, себебі қорқыныш өмірдің қауыпсіздігіне жауап беретін физиологиялық құбылыс. Олар шын мәнісінде қорқынышты фильмдегі қараңғылық пен қудалаудан емес, өмірдегі шарасыздық пен жасалынылуы мүмкін қателіктерден қорыққандықтан көруге батылы жетпей жатады. Себебі бұл жанрдағы фильмдер адам санасындағы өмірдегі жиналып қалған қорқыныш эмоцияларын оятушы бір күшті бейне мен дыбыс болмақ.

Бірақ адреналин үшін қаралған әрбір қорқынышты фильм мидағы бір есте сақталған естеліктерды жойып отырады. Ал,фобия жеңу үшін қарайтын болсаңыз сізде жүрек әлсіздігі пайда болып, психикалық жүйке жүйесінің бұзылуына алып келеді, яғни бұл фильм адамға өзі ойлағанынан теріс әсер етуі мүмкін.

2.Мелодрама жанры- драмадан ерекшелігі тек қыз бен жігіттің арасындағы махаббат оқиғасы баяндалады және соңы қуанышпен аяқталады.

Бұл жанр әсіресе жастар арасында кеңінен таралған. 67%- қыздар, 52%-жігіттер бұл жанрды жақсы көреді. Бірақ соның ішінде, көру мақсатты аудиториясы үшке бөлінеді. Біріншісі, махаббаттың барына сенетін және оны мәңгілік деп танитын адамдар. Мұндай жандар сезімтал және жақсылықтың үнемі жеңетініне сенімі мол тиіп қатары. Екіншісі, махаббатты ауыспалы құбылыс ретінде танитын, сенседе өз өмірінде орын алуын күтпейтін жандар. Олар көбіне барлық адамдарға ұнағысы келіп, қамқорлықты қажет етіп тұратын тиіпке жатады. Үшіншісі, жәйғана өз эмоциясын сыртқа шығару мақсатында қарайтын жандар. Мұндай жандар махаббат жолында көңілі қалған немесе жауапсыз махаббатқа тап болған қатар тобын құрайды. Бұл жанрдың кері әсері, адамдарға идеял қарым-қатынас нұсқасы ретінде қалыптасып, кейін өмірде жолыққан шынайы қиындықтарды еңсерудегі талабын төмендетіп жібереді, яғни олар тіпті фильмдегі кейбір қиындықтардың өзін идеял ретінде сақтап, тек соны ғана еңсеруге дайын болып жүреді.

3.Боевик немесе экшн-фильм жанры, ол қарулы төбелеске, төбелеске, кек алуға және т.б. бағытталған. Жауынгерлер жиі жоғары нәтижеге ие болады. Фильм, трюктар мен арнайы эффектілерге толы. Экшн-фильмдердің көпшілігінде «Жақсылық жұдырықпен жасалуы керек» деген әйгілі тезис суреттеледі. Басты кейіпкер әдетте зұлымдықпен оның ең айқын көріністерінде кездеседі: терроризм, адам ұрлау, кісі өлтіру, жемқорлық, әділетсіздік. Басқа жол таппай, фильмнің басты кейіпкері, жағымсыз кейіпкерлерді әдетте өлтіреді, оларды тұтқындауы сирек кездеседі.

Боевик фильм жанырын көрмейтін ер жігіттер кемде-кем. Мұндай фильмдерді көре отырып, олар процеске қатысушыларға айналып, өздерінің еркектік қасиеттерін нәрлендіретін жарқын эмоцияларды сезінетін көрінеді. Көрермен үнемі шиеленісте болады және одан әрі не болатынын білгісі келеді. Экшн фильмдерінің көпшілігі жарқын сценариймен, орындардың жиі өзгеруімен, ерекше әсерлердің айтарлықтай санымен және т.б. ерекшеленеді.

Бұл жанырды өз күйзелісін үнемі жеңгісі, эмоциясын қайтайтқысы келетін жандар көреді. Олар өмірде де эмоцияларына берік және шытырманды ұнататын және оны өздері жасауға тырысатын жандар. Боевикті қарауды әдетке айналдырған жандар спортқа жақын болып келеді. Алайда бұл боевик фильм қараудың оң әсерлері. Бірақ кейбір адамдар боевик фильмдер кек алудың ниеттік тұрғысынан, өз ашуының астында мықты күш бар және оны ұстамауды дұрыс әрекет ретінде танып, өмірлік қағидаларына айналдыра бастайды.

4.Детектив фильм жанры. Детективтік фильмдердің басты кейіпкерлері

қылмыскерлердің демонстрациясын қамтиды, заң бұзушылар мен олардың құрбандары, тұтқындар, тергеушілер, анықтаушылар, полиция немесе полиция қызметкерлері, адвокаттар. Детектив фильмдер қылмыс әлеміне енеді және сонымен бірге нақты қылмыс пен осы тәжірибемен байланысты өлімге әкелетін зардаптардан аулақ болады.

Детективтерді ойлау процесін ұнататын, оқиғалардың логикасы мен адам әрекетінің мотивациясына қызықтыратын адамдар жақсы көреді. Олар үшін жай ғана алаңдау емес, себеп-салдарлық байланыстарды түсіну, егжей-тегжейге үңілу, кейіпкерлердің психологиясын түсіну маңызды. Бұл жанрды ұнататын адамдар, сәйкестік деген ұғымды мүлдем қолдамайды және барлығын бақылауда ұстағанды ұнатады. Олар үшін құпия деген жоқ, тек шешу керек деген ұғым бар. Бұл адамдар нәтижеден көрі, әрекеттің көп болғанын қалайды және ізденімпаз болып келеді. Алайда бұл жанр арқылы өміріне детективтік көз-қарас қосып кейбір адамдар көз-алдындағысына сенбей адасып жатады. Яғни адам шын мәнісінде түймейде болған нәрсені, тиедей етіп ушықтырып алады, әлемге сезіктеніп,күмәнмен қарай бастайды.

5.Комедия жанры- әлеуметтік құбылыстар мен адамдардың өзара қатынасын әзіл, сықақ, мысқыл арқылы көрсетеді. Бұл фильм жанрына таңдауы түскен адамдар төрт түрлі санатқа жатады. Біріншісі күйбелең тіршіліктен шаршаған-дем алу, ләззат алу, мақсатында қарайтын жандар болса, екіншісін әлемге позитивті көз-қараспен қарайтын, қиындықтан шығудың оңай жолын тез табатын жандар қатары толықтырады. Үшінші санаттағы жандар ашық және көпшіл, ортамен тез тіл табысатын және өзіде үнемі өзгелерге қуаныш сыйлағанды ұнататын жандар. Олар үшін бөтен адамның алдында сайқымазақ болып көрініп қалуда қорқыныш тудырмайды,ысқасы олардың өздері камедия жанрын сомдаушылар.өртінші тиіптегілер ұқыпсыз және жалқау адамдар қатары. Олар сынақтардан шығудың шешімін іздемейді немесе жеңілістің болатынын білседе өз өміріне салғырт қарайтын жандар. Олар үшін ұйқы, тамақ, күлкі түгел болса болғаны, қалғанын еш әрекетсіз уақыт еншісіне салып күтіп отырудан артығы жоқ.

Бұл жанрда адам өзіне жағымды естеліктерді сатып ала алады,дегенмен ол ұзаққа созылмайды.

Кино өнеріндегі, фильм жанрлары өз ерекшеліктерімен адамды тартып тұрады. Адамның фильмді таңдаудағы ерекшеліктері, оның ішкі сезімдеріне тікелей байланысты. Дегенмен фильмді адам өміріне қосып, енгізе бастауы дұрыс емес әрекет. Себебі барлық фильмдерде жанама әсерлер,күшейтпелі салдармен,әрекеттер көп болады.

Абдурашидова Мехринисо


Талқылау