
Редакция
Сақ болыңыз! Qnet – қаржылық пирамида
«Qnet» компаниясы қаржылық пирамида болып танылды. Осы уақытқа дейін бірнеше мемлекет арасында танылған компания қаржылық пирамиданың бірі болып шықты.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқарған күдіктіні ұстады. Сонымен қатар тергеу соты күдіктіге екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Qnet қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған болатын. Сондай ақ күдікті тұтынушылардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөліп отырған. Бұған дейін Астанада қаржылық пирамиданы ұйымдастырған күдікті ұсталған болатын. Қаржы пирамидаларынан зардап шеккендерге 8,3 млрд теңге көлемінде шығын өтелді.
Бүгінде қаржылық пирамида өте көп тарап отыр. Және оның өзіндік түрлері бар. Ең қарапайым әрі кең тараған түрі, ол адамдарды тез байытамыз деп сендіріп, адам артынан адам тіркеп қаржы пирамидасын жасауы. Одан кейінгі танымалдылыққа ие болып отырған пирамида түрі, блогер немесе жүлдыздар жарнамалайтын онлайн ойындарға ставка. Бастапқы уақытта оның ставка екеніне көзіңіз жетпеуі мүмкін. Алайда бүркеншік аттар жамыла отырып бәс тігуге арналған аккаунттар ашып отырады. Және салған ақшаңды екі еселеп немесе одан да көп етіп қайтарып беруі. Бұл да қаржы пирамидаларының бірі болып табылады. Берген ақшаңызды екі еселеп беремін деген уәдеге сеніп талай алданып қалып жатқан жағдайы бар. Жоғарыда аталған осы үш пирамида түрі өте танымал. Халық арасында сақтық үндеулерін жасағанмен, алаяқтардың арбауына түсіп қалу қиын шара еместігіне көз жетті.
Жалпы, ең алғашқы қаржылық пирамиданы ойлап тапқан Франциялық қаржыгер Джон ло. 1717 жылы бастау алған бұл пирамида франция халқына және экономикасына біршама зиянын тигізді. Сондай ақ елу адамның өзіне қол жұмсауына себеп болған пирамида ұйымдастырушысы америкалық Бернард Мэдофф.
Келтірілген дәйектерге сенсек, 2020 жылы қаржы пирамидасын құруға қатысты 35 факті тіркелген. Он мыңнан астам адам зардап шеккен. Ал 2021 31 мыңнан астам адам зардап шегіп, 54 млн теңгеге жуық шығын келтірілген. Айта кетейік, енді қаржылық пирамидаларды жарнамалаған жұлдыздар, блогерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қаржылық пирамида қызметін жарнамалағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 150-бабында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғаларға 459450 тг. Лауазымды адамдарға 520720тг. Шағын кәсіпкерлік субьектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға 612600тг. Орта кәсіпкерлік субьектілерге 918900тг. Ірі кәсіпкерлік субьектілерге 1837800тг.
Әсел Абдикер