вакцина, екпе, Спутник V, Сауд Арабиясы,

Сауд Арабиясы "Спутник V" вакцинасын салдырған азаматтарға елге кіруге рұқсат берді

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - 2022 жылдан бастап Сауд Арабиясы билігі ресейлік "Спутник V" вакцинасымен егілгендерге кіруге рұқсат береді. Бұл туралы Halyqnews Қазақстан Республикасындағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ресейдің тікелей инвестициялар қорына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осылайша, ел "Спутник V" вакцинациясының сертификаты бар адамдар бара алатын 102 елдің тізіміне енді. Бұл мұсылмандарға Мекке мен Мәдинадағы қасиетті жерлерге қажылыққа баруға мүмкіндік береді.

Келгеннен кейін қажылар мен туристер 48-сағаттық карантинді сақтауға және ПТР-сынамадан өтуге міндетті.


Талқылау