Серхио Рамос, Реал Мадрид, футбол, трансфер,

Серхио Рамос «Реал Мадрид» клубымен қош айтыспақ

Мадридтік «Реал» командасының капитаны Серхио Рамос клубтан кететінін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Фабрицио Романо өзінің твиттердегі парақшасында.

Серхио Рамостың келісім-шарты осы айдың соңында бітеді. Карло Анчелотти қорғаушыны клубта қалуға шақырған. Алайда, «капитан» жаңа нәрсе қалайды. Сондай-ақ кейбір ақпараттар Серхионың мұндай шешімге келуіне «Реалдың» Давид Алабамен келісім жасасқаны себеп болғанын алға тартып отыр.  

Серхио Рамос Гарсия «Реал Мадрид» клубында 16 жыл ойнап, 22 трофейді жеңіп алған.


Талқылау