шымкент, қала, жоспар, сәулет,

Шымкент қаласының бас жоспары талқыланды

Шымкент қаласының үй-құрылыс инфрақұрылымы мен транспорт сапасы күн санап орнығып келеді. Бүгін аталған салалардағы мәселелерді шешіп, халықтың жағдайын қамтамасыз ету үшін “Шымкент қаласын дамытудың бас жоспары” талқыланды. Жиын барысында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан келген мамандар жоспарды жан-жақты түсіндіріп, түйткілді жайттарды көтеріп, тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берді.

Қаламыздың бас архитекторы Ержан Болатұлының сөзінше, бүгінде қолда бар картографиялық деректер жинақталып, жүйеленген. Қаланың 117 мың гектар тұрғын аумағына жоғары денгейдегі аэрофототүсірілім жүргізіліп, ортофотожоспар құрылған.

“Қаламыздың бас жоспарында ең негізгі бөлікке тек құрылыс саласы ғана емес, транспорт та кіреді. Ал, бүгінде қаламыздың аумағы кеңейді. Қаланың құрамына 39 елді мекен енгізіліп, 2025 жылға дейінгі жоба бойынша қаланың аумағы 40,0 мың га-дан - 117 мың гектарға ұлғайып, халық саны 1 миллион 200 мың адам болып қарастырылған.”,-деді Ержан Болатұлы.

Жиында Шымкент қаласының архитекторлары құрылыс компанияларының жұмысы жайлы сауалдар қойып, жеке ұсыныстарын жеткізді. Олар 9 қабатты үйлерді салу жоспарын қайта қарау қажеттігін, көпқабатты тұрғын үйлерді салмас бұрын, қаланың ауа-райы мен тұрғындардың денсаулығын ескеруге шақырды. Сондай-ақ, қаланың шекаралары, аумақтық даму схемалары, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау шаралары, экономикалық кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Айта кетейік, Концептуалдық тұжырымдама негізінде қоғамдық талқылаудан кейін қаланың жаңа бас жоспары толық әзірленіп, ҚР Премьер-Министрінің келісімінен кейін, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілетін болады.


Талқылау

Ұсыныстар
ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУДА ҚОҒАМНЫҢ КҮТКЕН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАМТЫЛДЫ
5қыркүйек

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУДА ҚОҒАМНЫҢ КҮТКЕН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАМТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ақпараттық үгіт-насихат тобының сарапшылары ф.ғ.к. С.Мажинбеков пен экономист М.Абдукаримов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күні Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында брифинг берді.

11:32