
Редакция
11:51
Шымкент перзентханаларында орын жетпей жатыр
Биыл шаһардағы бала туу көрсеткіші едәуір өскен. Өткен жылдың өзінде көрсеткіш тұрақты статистикадан 5 мыңға артты, деп хабарлайды 24.kz.
Медицина мамандары қалада әр 15 минут сайын бір бала туылатынын, 2021 жылы 33 мыңнан астам сәби дүниеге келгенін мәлімдеді.
Перзентхананың бөлім меңгерушісі Гүлмира Қоңырбаеваның айтуынша, коронавирустық пандемия басталғалы, туу көрсеткіші де күрт өскен. Бір күннің ішінде 50-60 бала дүниеге келетін көрінеді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде 153 анаға шақталған қалалық перзентхананы ұлғайту көзделіп отыр. Бұл арнайы перинаталды орталығы бар көпбейінді аурухана болмақ.