тмд, мәдени астана, шымкент, қаржы, әкім,

Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы статусының аясында қанша қаражат жұмсады?

Қала әкімі Мұрат Айтенов ОКҚ брифингінде ТМД елдерінің мәдени астанасы статусы аясында бөлінген қаражаттың игерілуі жайында мәлімдеді.

ТМД елдерінен аталмыш статусқа ие болғандықтан, оны абыроймен өткізу міндет. Сол себепті, жыл басынан бізге 600 млн теңге бөлінді. Қажымұқан алаңында үлкен ашылу салтанатымен 2300 іс-шара өткіземіз деп жоспарланды. Дегенмен, пандемияға байданысты аталмыш іс-шаралар тоқтатылды. Біз бұл бағыттан 500 млн теңгені қысқартып, індетпен күреске аудардық”,- деп баяндады спикер.

Дегенмен, індетке қарамастан онлайн шаралардың да өткенін әкім тілге тиек етті.

Індетке қарамастан, онлайн түрде 1700 іс-шара ұйымдастырылды. Көршілес елдермен, мердігер компаниялардың демеушілігімен, мекемелермен біріге отырып мәдниет саласын жаңғырту бағытында жұмыс атқардық”,- деді Мұрат Әйтенов.

Естеріңізге саламыз, Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін 2017 жылы жеңіп, эстафетаны былтыр желтоқсанда Брест қаласынан қабылдап алған болатын.


Талқылау