атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы аналар, Ербол Садыр, Шымкент,

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмектің өтініштері арнайы алфавиттік кесте арқылы қабылданады

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп хабарлайды h-news.kz тілшісі.

Елімізде 2020 жылдың қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін өтініштер қабылданады. Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек алуға 82 мың көп балалы анадан және аз қамтылған отбасылардан өтініштер келіп түскен. Әкімдік олардың барлығын қаңтар айынан бастап қабылдауға дайын. Бірақ барлығын бірдей емес.

- Біз өтініш берушілерді кезең-кезеңімен қабылдаймыз. Осыған орай арнайы кесте әзірледік. Келетін тұрғындар алфавит бойынша тегіне (фамилиясына) қарай кезекпен келулері керек. Бұл кесте бүкіл жерге ілінетін болады,-деді Е.Сыдыр.

Сонымен қатар, АӘК алуға өтінішті қаңтар айының басында берсеңіз де, соңында берсеңіз де ешқандай басымдық немесе басқа да өзгеріс болмайды. Сондықтан кесте бойынша қабылдау тұрғындар үшін де, қабылдайтын мекеме үшін де тиімді жол болып отыр.

 


Талқылау