бақытты отбасы, шымкент, баспана, тұрғын үй,

Шымкентте “Бақытты отбасы” бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Шымкентте «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несиелік бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Конкурс 20 маусым мен 19 шілде аралығында https://www.otbasybank.kz/ жылжымайтын мүлік порталы арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағдарламаға қатысушы азаматтар кезекке қойылған жылы мен санаттарына қарамастан қатысуға өтінім бере алады. Ал, әрі қарай жүйе автоматты түрде кезекке тіркелу өңірі мен жекелеген мәліметтер бойынша қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін қалыптастырады.

Айта кетейік, аталған бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, толық емес отбасы санатындағы азаматтар қатыса алады.

Ал, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша Шымкентке 449 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету үшін 4,4 млрд. теңге көлемінде лимит бөлінді.


Талқылау

Ұсыныстар
Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтуде
10маусым

Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтуде

Бүгін Шымкент қаласында туристік ақпараттық орталықтардың І слеті басталды.

16:44
Ішек инфекциясынан қалай қорғануға болады?
10маусым

Ішек инфекциясынан қалай қорғануға болады?

16:53
 Шымкенттік кәсіпкерлер автотұрақ мәселесін шешіп беруді сұрайды
16маусым

Шымкенттік кәсіпкерлер автотұрақ мәселесін шешіп беруді сұрайды

10:54