баспана, тұрғын үй, кезек, аналар, шымкент,

Шымкентте бір топ ана әкімдіктен үй беруді талап етті

Шымкент қаласы әкімдігіне 30-ға тарта азаматша заңсыз тұрғын үй беруін талап етіп келді. Олардың кейбірі пәтер кезегінде тұрса, кейбірі мүлдем тұрмаған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Наразылығын білдіруші тұрғындарға әкімдік тарапынан тиісті салаға жауапты басшы шығып, жиналған әйелдердің кезек санын анықтап, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан қарастырылған пәтерлер белгіленген тәртіппен және кезек ретімен берілетінін айтты.

«Кезекке тұру үшін заңда көрсетілген санаттардың біріне енуі (ҰОС ардагері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобындағы азаматтар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және  әскери қызметшілер және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар), мекенжайы соңғы 3 жылда Шымкент қаласында болуы және соңғы бес жылда тұрғын үй тіркелмеуі керек. Осы санаттағы азаматтарға ғана баспана заң аясында және белгілі тәртіппен берілетінін ескертеміз!», делінген хабарламада.


Талқылау