Ата-ана - ұлттың ұясы, республикалық ата-аналар форумы, ана-ана, форум, Сенімен Болашақ, шымкент,

Шымкентте республикалық ата-аналар форумы өтіп жатыр

Шымкенттегі "Rixos Khadisha" қонақ үйінде "Ата-ана - ұлттың ұясы" атты республикалық ата-аналар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды HalyqNews тілшісі.

Ауқымды іс-шараға ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы (zoom арқылы), «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев қатысуда. 

Форум барысында бала тәрбиесіндегі эксперт-маман Елжас Ертайұлы, гуманный педагог, отбасылық коуч Асхат Абжанов, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отбасы маманы, педагог Бермағанбетов Ғалымбек секілді спикер мамандар отбасы, бала тәрбиесіне қатысты тренинг өткізеді.

 


Талқылау

Ұсыныстар
ШЫМКЕНТТЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
10қараша

ШЫМКЕНТТЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Шымкент қаласында биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 25 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Нәтижесінде ескірген үйлердің шатыры мен инжернерлік коммуникация жүйелері жаңартылып, жертөлелері күрделі жөндеуден өтуде.

17:29
Елімізде алғаш рет республикалық «Shymkent Mobilography Fest» фестивалі өтті
18қараша

Елімізде алғаш рет республикалық «Shymkent Mobilography Fest» фестивалі өтті

Шымкентте алғаш рет еліміздің әр өңірінен келген жас мобилографтар «Shymkent Mobilography Fest» фестивалі аясында бас қосты.

14:47
Шымкентте «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралары өтеді
17қараша

Шымкентте «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралары өтеді

14:27