шымкент, ЖРВИ, инфекция, денсаулық,

Шымкентте ЖРВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Шымкентте 2021 жылы жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 19468 жағдайы тіркелді деп хабарлайды Halyqnews Otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

2022 жылдың көрсеткішіне келер болсақ, соңғы 2 айдың ішінде 7962 шымкенттік тұрғын жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауырды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 27,6% - ға артық. Оның 75,0% - ы 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды.

Сондай-ақ, шымкенттіктер “А” тұмауына да шалдыққан. 2021-2022 жылғы статистикаға сүйенер болсақ, қалада “А” тұмауының 16 жағдайы тіркелген.

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде тұмаудың алғашқы белгілері талқыланды. “А” тұмауының бастапқы кезеңінде науқаста мұрын мен тамақтың бітелуі, әлсіздік, бас ауруы, жөтел байқалады, дене температурасы көтеріледі.

ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) кезінде дәрігерлер иммунитетті нығайтып, арнайы медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.


Талқылау