жалған ақша, еуро, банк, шымкент,

Шымкенттік банк қызметкерлері клиенттерге жалған еуро өткізген

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде Шымкент қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін бес қызметкер 500 еуро көлемінде жалған ақша өткізгені белгілі болды. Олар клиенттерге 4 000 еуро жалған қағаз ақшаны айналымға енгізген.

Сот шешімімен алаяқтар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды.

«Жалған ақша табылған жағдайда, ең бастысы, оны өткізуге тырыспау. Өз қаражатын қайтару ниеті ҚК-нің 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа айналуы мүмкін, ол 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді»-делінген хабарламада.

Жалған ақша анықталған жағдайда мына нөмірге хабарласыңыз: +7 (7172) 70-84-78

 


Талқылау

Ұсыныстар
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН
15маусым

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Е.Бекмұратовтың қатысуымен брифинг өтті.

18:59