шымкент, Атамекен кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік, нысан, автотұрақ, тротуар, веложол,

Шымкенттік кәсіпкерлер автотұрақ мәселесін шешіп беруді сұрайды

Бүгінде кәсіпкерлерді Шымкент қаласындағы тұрақ орындары мәселесі мен жол-құрылыс жұмыстарының сапасы толғандаруда. Себебі, БАҚ-та сапасыз жолдар мен тротуарларды жөндеудің тиімсіздігі мен уәкілетті органдардың орынсыз жобалары жайлы түрлі наразылық мақалалар жарияланып жатыр. Бұл әрине, қаланың инфрақұрылымдық жағдайы мен кәсіпкерлердің мардымды жұмыс атқаруына кері әсерін тигізеді. Аталған жайттарды қарастырып, Мелес Сейтжановтың төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиында көлік инфрақұрылымының жүйелі мәселелері қаралды.

“Атамекен ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына өз қызметін Ғ.Иляев көшесінің бойында жүзеге асыратын бизнес субъектілерінен көптеген өтініштер келуде. Қазіргі таңда осы көшенің бойында жаяу жүргіншілер тротуарларын абаттандыру және веложол салу бойынша жол-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны көпке мәлім. Статистикаға сүйенсек, Иляев көшесінің бойында Бейбітшілік даңғылынан Қонаев гүлзарына дейін сауда және бизнес орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері, сұлулық салондары сынды 100-ден астам бизнес объектілері орналасқан. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған тұрақтар орындарында веложол төсеу кәсіпкерлердің пайдасының төмендеуінің, ал кейбір жағдайларда залал келтіріп, бизнес орындарының толық жабылуының басты себебі болуда. Көлік инфрақұрылымы саласындағы мәселелерді болдырмау үшін бизнеске тұрақ орындарын қайтару қажет”,- деді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің хатшысы С.Адамбекова.

Кеңес отырысында кәсіпкерлер басшылыққа наразылықтарын жеткізіп, жол инфрақұрылымына байланысты мәселелерді күн тәртібіне қойып, тез арада шешімін табуды өтінді. Ал екінші тарап керісінше, тротуарлар мен веложол кәсіпкерлерге тиімді болатынын алға тартты.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен қалалық көліктік бақылау инспекциясы қызметіне жүргізілген жұмыстарға талдау қорытындылары талқыланды.


Талқылау

Ұсыныстар
Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтуде
10маусым

Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтуде

Бүгін Шымкент қаласында туристік ақпараттық орталықтардың І слеті басталды.

16:44
Шымкент қаласының бас жоспары талқыланды
21маусым

Шымкент қаласының бас жоспары талқыланды

20:35
Шымкентте “Бақытты отбасы” бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
21маусым

Шымкентте “Бақытты отбасы” бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

20:29