«Өсімдіктер әлемі туралы» жаңа заң қабылданбақ

«Өсімдіктер әлемі туралы» жаңа заң қабылданбақ

«Өсімдік әлемі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдік дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бүгін Экология министрлігінің отырысында талқыланды.

Экология министрлігінің мәліметінше, қазіргі қолданыстағы Орман кодексінде және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңда өсімдіктер дүниесі объектілерін тек республика аумағының тек 11%-ын  қорғау, молайту және пайдалану мәселелері реттелген. Бұл тек ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Ал бұл аймақтардан  басқа жерлерде өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдалану жөніндегі мәселелер заңнамада реттелмеген.

Осы себепті халықаралық конвенциялардың ережелеріне сәйкес «Өсімдіктер әлемі туралы» ҚР арнайы Заңын қабылдау қажеттілігі туындағанын Экология вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

«Өсімдіктер әлемі туралы» Заң жобасын қабылдау қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды жоюға, өсімдік әлемінің ресурстарын қорғау, молайту және олардың барлық алуан түрлілігінде пайдалану мәселелері бойынша құқықтық тетіктерді енгізуге, өсімдік ресурстарын пайдалану (жинау, қайта өңдеу) саласында инвестициялар тарту және шағын бизнесті дамытуға, сондай-ақ халықтың экологиялық тәрбиесі мен білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Е.Нысанбаев.

Айта кетсек, Қазақстанда жоғары тамырлы өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі, саңырауқұлақтардың 4850 түрі, балдырлардың 2000 түрі, мүктер мен қыналардың 1000 түрі бар. Осы өсімдік түрлерінің жалпы санынан 1406 түрі дәрілік өсімдіктер болып табылады, оның ішінде 220 түрі ресми медицинада танылған, 387 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген ретінде енгізілген, ежелгі уақыттан бері өсіп келе жатқан реликті өсімдіктердің 110 түрі, сондай-ақ өсімдіктердің 698 эндемикалық түрі тек Қазақстанда ғана өседі.

 

 


Талқылау

Ұсыныстар
Талдықорғанда ауа жағдайы туралы ақпарат көрсететін LED-экрандар қойылады
30қыркүйек

Талдықорғанда ауа жағдайы туралы ақпарат көрсететін LED-экрандар қойылады

Талдықорған тұрғындары 2021 жылдан бастап атмосфералық ауаның жағдайы туралы ақпаратты қала көшелеріне орнатылатын LED-экрандар арқылы біліп отыра алады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің telegram каналында хабарланды.

13:32
«Қазгидромет» ауаның ластануына болжамдар жасай бастады
2қазан

«Қазгидромет» ауаның ластануына болжамдар жасай бастады

Қазақстандықтар әр бақылау бекеті бойынша бір тәулікке және 48 сағатқа ластаушы заттардың шоғырлануы бойынша «Қазгидрометтің» алдын ала болжамдарын арнайы картадан көре алады. Атмосфералық ауаның ластануына қатысты болжам жылыту маусымы қарсаңында және жалпы жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін өзекті.

14:17
Елорда ТЖД басшысы: айналма жол салынбаса, 30 мың адам химикаттан зардап шегуі мүмкін
30қыркүйек

Елорда ТЖД басшысы: айналма жол салынбаса, 30 мың адам химикаттан зардап шегуі мүмкін

Елорда жолдарынын жылына 250 мың тонна қауіпті химиялық заттар тасымалданады. Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Бауыржан Сыздықов апат орын алса, 30 мыңға жуық адам зардап шегуі мүмкін екенін айтты.

17:44