
Редакция
17:11
Синоптиктер: -2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал
Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа температурасы төмендеп, үсік жүруі ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, аура райы өзгеруінің себебі Екатеринбург аймағынан келетін циклонмен байланысты. Жел күшейіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсуі де мүмкін. Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста нөсер жауын күтілуде.
"Кезең соңында елдің батысына солтүстік-батыс антициклоны тарайды. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда. 24 мамырда түнде және таңертең орталық пен шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", – деп хабарлануда