ақш, құрлықаралық баллистикалық зымыран, оңтүстік корея, солтүстік корея, қару-жарақ,

Солтүстік Корея тыйым салынған құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Оңтүстік Кореяның хабарлауынша Солтүстік Корея 2017 жылдан бері алғаш рет тыйым салынған құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлады ББС.

Жапондық мамандардың айтуынша, зымыран 1100 шақырым қашықтықты ұшып өтіп, жапон теңізіне құлаған. Құрлықаралық баллистикалық зымыран мыңдаған шақырымды ұшып өтуге, тіпті АҚШ аумағына дейін жетуге мүмкіндігі бар.

Соңғы аптада Солтүстік Корея бірнеше сериалы зымырандық сынақ өткізді.    

БҰҰ Солтүстік Кореяға баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуге тыйым салады және бұрынғы сынақтары үшін қатаң санкциялар салды.

2017 жылы Солтүстік Корея 4500 шақырымға дейін көтеріле алатын «Хвасон-12» құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген болатын. Кейіннен 8000 шақырымға дейін ұшатын одан да күшті «Хвасон-14» таныстырылды.

Мұндай жерүсті зымырандары тек АҚШ, Ресей және Қытайда ғана бар.


Талқылау