экожүйе, экология, суда жүзетін құстар, су, құс, санақ, АСБК,

Суда жүзетін құстардың экожүйедегі үлесі қаншалықты маңызды?

Аида Ермекбаева, Шымкент, (H-News) - Қазақстанда жыл сайын өтетін суда жүзетін құстардың қысқы санағы биыл да өз мәресіне жетті. Іс-шара әдеттегідей Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (АСБК) басшылығымен іске асты.

Жалпы ассоциацияның мақсаты - жануарлар мен өсімдіктер мәселелеріне байланысты ұлттық және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орната отырып, еліміздің жанды табиғатын өзінің алуантүрлі қалпында сақтап қалу. Бұл ретте суда жүзетін құстар да қауымдастықтың басты назарынан тыс қалмады.

"Суда жүзетін құстардың маңыздылығын тек аумақтық деңгейде емес, жалпы экожүйенің бір бөлігі ретінде, сонымен қатар жаһандық деңгейде де қарастырған жөн. Аталмыш құстардың айтарлықтай азаюы жергілікті сулы-батпақты алқаптардың  (биоценоз) түбегейлі өзгеруіне, тіпті күрт нашарлауына алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындарға да әсер етпей қоймайды,"- дейді қауымдастықтың байланыс жетекшісі Эльмира Мустафина H-News-қа берген сұхбатында.

Осы жылы суда жүзетін құстардың қысқы санағы кезінде Қазақстанда олардың 27 түрінің 47792 дарасы саналды. Алматы, Ақтау, Қарағанды секілді еліміздің жеті аймағынан белсене қатысқан есепшілер қоңыр үйрек, сарыалақаз, сыбырлақ аққу, көкқұтан, көк шағала, кішкене сұқсыр, үлкен бейнарық және тағы да көптеген түрлерді тіркеген. Жалпы санақ қорытындылары ассоциацияның ресми сайтында жарияланған.  

Эльмира ханымның айтуынша, тиімді болып табылатын санақ мәліметтері құстардың тек санын ғана анықтамай, популяциялық өзгерістер немесе белгілі бір жағдайлар орын алғанда керекті шаралар жасау арқылы құстарды әрі олар мекендейтін сулы-батпақты алқаптарды халықаралық деңгейде сақтап қалу мүмкіндігін береді.

Іс-шара халықаралық дәрежеде 1967-ші жылдан бері атап өтілуде. 2021 жылы 55-ші қысқы зерттеу мерейтойы атап өтілгенін Эльмира ханым қуана айтуда. Сонымен қатар, International Waterbird Census үйлестірушісі мағлұматтарды жинау арқылы төрт жылдық кезеңмен материалдар жариялайды және жанды табиғаттың қауіпсіздігі үшін керекті жобалар ұйымдастырады. Сулы-батпақты алқаптарды халықаралық дәрежеде сақтау іс-шараларына Еуропа Одағы да атсалысып келгенін айта кеткен жөн.

"Биоалуантүрлілікті сақтауға қызығушылық танытқан кез-келген азамат болашақта іс-шараға қатыса алады. Ассоциация ұлттық үйлестіруші ретінде түрлі медиаарналар арқылы алдағы іс-шараны хабарлайды және санақ оның жетекшілігімен өтеді,"- дейді Эльмира ханым. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын табиғат жанашырлары үшін таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз.


Талқылау

Ұсыныстар
Орманға қалай көмектесуге болады?
26наурыз

Орманға қалай көмектесуге болады?

Әсел Өмірсерік, Шымкент, (H-News) - Өткен аптада БҰҰ бекіткен Халықаралық орман күні аталып өтті. Дәлірек айтсақ, 2012 жылдан бастап 21-ші наурыз күні орманның маңыздылығын түсіндіру күніне айналған. Бүгін дәл сіз бен біздің өмірімізге ормандардың қандай әсері барын, әрі, сол байлығымыздан айырылып қалмас үшін жеке азамат ретінде біз не істей алатындығымыз туралы сөз қозғаймыз.

17:34
Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды
10сәуір

Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Азық-түлік өндірісі мен оның таралуы бүкіл парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін құрайды. Бірақ тұтынушуға тамақтанатын заттарының климатқа әсерін өлшеу қиын.

12:33
Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді
15наурыз

Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен Ұлыбритания өзендеріне ағатын ластанған сулардың бұрын тіркелмеген жүздеген шығарындылары анықталды, деп хабарлайды BBC.

15:35