
Редакция
10:33
Түркиядағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 38-ге жетті
Түркияның оңтүстік батысында 24 қаңтар күні 20:55-те 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Табиғи апат Элазиг провинциясындағы Сивридж қаласының жанында болған.
“Түркиядағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою” қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 38-ке жетті. 1547 адам әртүрлі дене жарақатын алды.
76 ғимарат қирап, 643 құрылыс орны бұзылды. Құтқарушы топ үйіндіден 43 адамды алып шықты. Іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Жадыра Жанарбек