грант, білім, оқу, түлек,

Талапкерлерге қосымша 15 мың білім гранты бөлінді

Биыл мемлекеттік білім грантының саны 15 мыңға ұлғайды. Бұл жайлы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.

«Жоғары оқу орнына баратын балаларға гранттардың саны 88 214-ке артты. 2021 жылмен салыстырғанда 15 мыңға көп. Техникалық мамандықтарға гранттар - 60, ауылдық квота 35 пайызға ұлғайтылды. Әлеуметтік аз қамтылған санаттарға 7 мыңнан аса грант бөлінді», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл колледжге түсетін түлектерге техникалық және кәсіптік білім беруге 10 млрд теңге бөлінді. Ал, бұл қаржы 45 мың орынды құрайды.

«Оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары алынып тасталды. Енді олар аттестаттың орташа балы арқылы қабылданады. Талапкер 4 колледж бен 4 мамандықты өзі таңдайды, 3-ке дейін бірнеше біліктілік алуға мүмкіндік жасалды. Кәсіпорындарға мақсатты мемлекеттік тапсырыс берілді. Енді кәсіпорындар студенттерді өздері таңдап, оқу бағдарламаларын оқу орнымен бірге жазып, қажетті мамандарды мерзімінде дайындай алады. Жеңілдікпен қабылдау квотасының тізбесі 9 санатқа дейін кеңейтілді», - деді Шолпан Каринова.


Талқылау