құрылыс, Алматы, Тимур Құлыбаев,

Тимур Құлыбаевтың компаниясы салып жатқан құрылыс тоқтатылды

Алматыдағы Достық көшесі 125/1 мекенжайында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

Кейіннен аталған құрылыс компаниясы мен жер иесі Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі екені анықталды.

Алматы әкімдігінің жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы басшысы Алмасхан Ахметжанов тұрғындар құрылыстың салынуына үзілді-кесілді қарсы болған. Өйткені компания құрылыс аумағына кіріп-шығатын жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша шартты орындамаған. Сондай-ақ гараждардың барлығын сатып алуы керек болған. Ал құрылыс мекемесі жартысын ғана сатып алған.

Алайда әкімдіктің аталған құрылысты тоқтату туралы хабарламасы уақытша шешім екенін ескерген жөн. Алдағы уақытта құрылыс компаниясы да басқарманы сотқа беруі мүмкін.

сурет: kaz.zakon.kz


Талқылау

Ұсыныстар
Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шаралары күшейеді
27шілде

Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шаралары күшейеді

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Аталған өңірлерде тәуліктік сырқаттанушылық 65%, тәуліктік өлім-жітім 55% құрады.

19:32