Қасым-Жомарт Тоқаев, Тамыз конференциясы, мұғалім,

Қ.Тоқаев: мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты Тамыз конференциясында осындай мәлімдеме жасады.

«Мұғалімдердің жалақысы лауазымдық жүйе арқылы есептеледі. Соның салдарынан 500 мың педагог жалақыларының артқанын да сезбейді. Экономика бойынша еңбекақы деңгейі төменгілердің қатарында және орташа есеппен 65 пайызды ғана құрайды. Осыған орай Үкіметке мұғалімдердің жалақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.

Президент сондай-ақ ағылшын тілін оқытуды ата-аналардың қалауына қарай 1-2 сыныптан немесе 5 сыныптан бастаған абзал екенін, мұғалімдердің еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейту керектігін айтты және бірқатар педагогқа мемлекеттік наградалар табыстады.


Талқылау

Ұсыныстар
Мұғалімдерге гольф алаңын тазалатқан мектеп басшысы қызметінен босатылды
14қыркүйек

Мұғалімдерге гольф алаңын тазалатқан мектеп басшысы қызметінен босатылды

14:05