жоғалу, Сайрам-Өгем шатқалы, ТЖД,

ТЖД: «Табылған 3 жігіт достарынан қалып қойған»

Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған 7 жігіттің үшеуінің табылуына байланысты Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Темірханұлы шұғыл брифинг өткізді.

Ресми ақпаратқа сәйкес табылған 3 жігіттің жағдайлары бірқалыпты. Олар Бағдат Төлеу (Ақтөбе), Диас Төлегенов (Орал), Саят Оскенов (Жезқазған). Қазіргі таңда медициналық, психологиялық тексеруден өтуде.

Табылған жігіттердің айтуынша 25 мамыр күні достарының бірі сырқаттанып қалған. Оның қасына 2 жігіт көмектесуге бекінген. Қалған төртеуі жолды әрі қарай жалғастырып, ауа-райы нашарлығынан бір-бірінен адасып қалған. Достарының айтуынша олар Сайрам-Өгем шатқалының төмен жағына қарай кеткен.

Өзге төрт жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілуде.


Талқылау

Ұсыныстар
Қасқасу тауында жоғалған 7 жігіт іздестірілуде
27мамыр

Қасқасу тауында жоғалған 7 жігіт іздестірілуде

17:01
Жоғалған екі жігітті іздестіруге Республикалық жедел -құтқару жасағы тартылды
10маусым

Жоғалған екі жігітті іздестіруге Республикалық жедел -құтқару жасағы тартылды

Түркістан облысындағы тауда жоғалып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздестіру үшін республикалық жедел-құтқару жасағы тартылды, деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

14:41