чемпиондар лигасы, лиссабон, фУТБОЛ,

УЕФА Чемпиондар Лигасының жаңа форматтағы ойындарын өткізетін орынды белгіледі

УЕФА Чемпиондар лигасының 2019/20 ойындарының қалған матчтарын португалдық Лиссабонда өткізеді, деп хабарлайды Bild.

Сондай-ақ, Франкфурт пен Мәскеу де шағын турнирді өткізуге өтініш жіберген еді. Алайда, Ресей астанасы коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайы ушығып кеткендіктен ұйымдастырушылар бас тартты. Осылайша, Кәрі құрлықтың маңдайалды турнирі Пиреней түбегіндегі Португалияда жалғасын таппақ.

Шағын турнирдің ресми орны 17 маусымда белгілі болады. Бұған дейін, пандемияға байланысты ойындарды бір қалада өткізу туралы шешім қабылданған еді. 

Жеребе ширек финалдан басталып, жүз шақырым радиустағы төрт стадионда өтеді. Бұл жағдайда кезең жеңімпазын бір ғана кездесудің нәтижесі бойынша анықтайды. Жоспарланған мерзім – 8-29 тамыз аралығы.


Талқылау

Ұсыныстар
Коронавирустан қауіпті саналған Дельта штамының белгілері қандай?
30шілде

Коронавирустан қауіпті саналған Дельта штамының белгілері қандай?

15:45
Вакцина салдырғандар коронавируспен ауырады ма?
23шілде

Вакцина салдырғандар коронавируспен ауырады ма?

Вакцина салдырғаннан кейін ауырғандар бар. Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялык-эпидемиологиялык бакылау департаментінің бөлім басшысы З.Есенгараева мәлімдеді.

17:38