Уилл Смит, кино, оскар, киноакадемия,

Уилл Смит АҚШ Киноакадемиясынан кететінін мәлімдеді

“Өткен “Оскар” рәсімінде орын алған оқиғадан кейін белгілі актер Уилл Смит Америкалық Киноакадемиядан кетуді ұйғарды”,- деп хабарлайды Halyqnews тілшісі Film.ru сайтына сілтеме жасап.

“Менің “Оскар” сыйлығын табыстау сәтіндегі әрекетім жөнсіз болды. Крис пен көрерменнің алдында кінәлімін. Мен академияның сенімін асыра пайдаландым. Басқа да жеңімпаздар мен көрермендерді салтанатты тойлау мүмкіндігінен айырдым”,-деді Уилл Смит өз мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, наурыздың 28 -і күні “Оскар” марапатын табыстау кешінде актер Крис Рокты әйелі жайлы айтқан әзілі үшін шапалақпен ұрды. Комик сахнада Джада Пинкетт-Смиттің шаш үлгісін мазақ еткен болатын. Кейін Уилл Смиттің өзі "Оскар" кешіндегі жөнсіз әрекеті үшін Крис Роктан кешірім сұрады.


Талқылау