
Редакция
17:27
Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматқа қылмыстық іс қозғалды
"Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа араласу, немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы "Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
"Қазақстан азаматтарының қандай да бір шет мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысуына байланысты әрекеттері, жалдамалылық белгілері болмаса, ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша қарастырылады. Мұндай қылмысты жасағаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді ҰҚК.