Велоспортшыларымыз Азия чемпионы атанды

Велоспортшыларымыз Азия чемпионы атанды

Велоспорттан Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы алтын және күміс медальды жеңіп алды.

Осымен 39-шы рет ұйымдастырылып жатқан жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Велошабандоздар қатарында Юрий Натаров, Артем Захаров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов және Даниил Фоминых бар. Ал Оңтүстік Корея екінші, Гонконг командасы үшінші орынға ие болды. Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші орынды еншіледі. Команда сапында Наталья Сайфутдинова, Амилия Искакова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова, Виктория Пастарнак, Жанерке Санақбаева өнер көрсетті. Аруларымыз Оңтүстік Кореялықтарға жол беріп, Гонконг командасынан басым түсті.


Талқылау