экология, пластмасса, химия, биотехнология, ғылым,

Венгерлік ғалымдар пластикті ыдыратушы бактерия ойлап тапты

Айшолпан Керім, Алматы, (H-News) - Венгерлік екі жас ғалым Лиз Мадарас пен Кристина Ливай пластикті бірнеше аптада ыдырата алатын бактерия ойлап тапты. Ол ұсынған микроағзалардан жасаған осы сұйықтық кез келген пластмассаны 7 аптада толықтай ыдыратып жібереді, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар сөзінше, пластмассаның жойылу процессін күз кезінде жапырақтың жерге түсіп шіруімен салыстыруға болады дейді мамандар. Ол екі аптада іріп ұсақталса, 7 апта ішінде толықтай жойылып бітеді екен. Ғалымдар өз жаңалығы өнеркәсіптік жолға қойылса, әлемдегі пластмасса қоқыстарды азайтуға септігін тигізер еді деп отыр.

Лиз Мадарас пен Кристина Ливай, pikabu.ru

Лиз Мадарас пластмасса қоқыстар өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, биотехнология мен химиялық инженерия арқылы осы проблеманы шешуге бел будық дейді.

«Біздің мақсатымыз – пластамассаны өзінің бастапқы табиғи қалпына келтіру жолдарын табу болған еді. Пластмасса қоқыстар әлем бойынша ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, биотехнология мен химиялық инженерия арқылы осы проблеманы шешуге бел будық.»


Талқылау