қылмыс, іздеу, шетел,

Қылмыс жасады деген күдікпен шетел асқан 2,5 мыңнан астам адам іздестірілуде

Мұндай ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі жариялады.

Шет елге бас сауғалағандардың қылмыс деңгейі әртүрлі. Олардың ішінде ұрлықпен - 250, алаяқтықпен - 400 т.б қылмыс санаттары бар. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғасын құрыққа түскен. 

“Қазіргі таңда шетелдермен тығыз байланыс арқасында қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері мен жеке бас деректері қолжетімді болды.  Олардың басым бөлігі АҚШ, БАӘ, Түркия, Қырғыз және Өзбекстан аумағында жасырынып жүр” делінген хабарламада. 

Шет елдерде ұстау және оларды Қазақстанға қайтару барысында қолға түскен қылмыскерлер арасында қоғамдық резонанс тудырған 6 маңызды күдіктілер бар. Оның төртеуі - кісі өлтіру бабымен, екеуі-ірі көлемде қаржы пирамидаларын құрып, басқарғаны үшін айыпты деп танылған.


Талқылау