қырғыз-тәжік шекарасы, атыс,

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан 20 адам қаза тапты

Қырғызстан және Тәжікстан шекарасындағы атыстан 20 адамкөз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

Ал жарақат алғандар саны 284-ке жетіп, 38 адам ұшақпен Бишкектегі ауруханаға жеткізілді. Екі ел арасындағы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.

«Қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімді және екі мемлекеттің уәкілетті өкілдері арасында келіссөздердің басталғанын қолдаймын. Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы даналық танытып, барлық даулы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін. Өз тарапымнан мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайынмын», деп жазылған Ақорда сайтындағы ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, Қырғызстандағы Көк-Таш ауылының тұрғындары Тәжікстан тарапынан су тарататын бекетте орнатылған бейне-бақылау камерасын алып тастауды сұраған. Алайда, бір мәмілеге келе алмаған екі жақ бір-біріне тас лақтырып, арты атысқа ұласты. Екі ел билігі де атысты қарсы тарап бірінші бастады деп, бірін бірі айыптап отыр.


Талқылау