қырғызстан, наразылық, шеру, көтеріліс,

Қырғызстандағы жағдайға шолу

Дәл қазіргі уақытта Мемлекет басшысы ОСК-ға барлық заң бұзушылықтарды зерттеп, парлемент сайлауы нәтижелерінің жоққа шығаруға кеңес беруде.

Оқиға неден басталды?

4 қазан күні Бішкекте Жогорку Кенеш билік органына депутат сайлау шаралары өткізілді. Алдын-ала сайлау нәтижелері бойынша, парламентке 16 партияның төртеуі өтті, нәтиже бойынша:

-         «Бірімдік» - 24,53%;

-         «Мекенім Қырғызстан» - 23,9%;

-         «Қырғызстан» - 8,74%;

-         «Бутун Қырғызстан» - 7,09%

Ертесіне, 5 қазан күні дауыс саны бойынша 7%-дық шекті көрсеткіштен аса алмаған партиялар нәтижемен келіспегендіктен, наразылық шеруіне шықты. Митингке «Қырғызстанның социал-демократтары», «Мекенчіл», «Реформа», «Чон казат» пен «Мекен Ынтымағы» партияларының кандидаттары мен жақтастары келді. Олар сайлауды легитимсіз деп танып, нәтижелерді жоюды талап етті.

Оқиға қалай өрбіді?

Митингке шыққандар бірігіп, шеруге «Ата Мекен», «Республика», «Замандаш» пен «Бір бол» партия өкілдері мен қолдаушылары да шеруге қосылды. Абдылас Малдыбаев атындағы опера және балет театрының алдында 2000 нан аса адам жиналды. Кейін төрт партия өкілі Ала-Тоо алаңына қарай жылжыды. Талас облысында да сайлау нәтижелерімен келіспеген топ өкілдерінің митингісі өтті. Талас орталығындағы Медетбеков атындағы облыстық театр алдына «Республика», «Бір бол», «Ата-Мекен» мен «Чон- Казат» партияларынан 500-ге жуық адам жиналды. Таластағы наразылық шеруіне қатысушылар Бішкектегі митингке қосылатындарын мәлімдеді. Қаракөлде сайлау нәтижесімен келіспей төрт адам шығып, кейін тарап кетті.

Қазанның 5-нен 6-на қараған түн

Наразы топ парламент пен Президент әкімшілігі орналасқан Ақ үйді басып алды. Кейіннен милияция мен митингшілер арасында қақтығыстар басталды. Сол түні Ақ үйде өрт орын алып, ғимаратқа өрт сөндірушілер келді.

Таңға жуық наразы топ СИЗО-ға барып, экс-Президент Алмазбек Атамбаевты тұтқыннан шығарды. Оны ведомство басшылығымен жүргізілген келіссөзден соң, МҰҚК ғимаратынан алып шықты. АКИ Press мәліметінше, экс президентті 6 қазан таңғы 4.30-да босатып, көлікпен алып кеткен.

Айта кетейік, Атамбаев 2020 жылдың маусым айында 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ, колониядан Қырғыстаннның экс-премьері Сапар Исаковтың босап шыққаны белгілі болды. Бұл туралы адвокат Замир Жоошев мәлімдеді. Исаков 2019-дың желтоқсанында жемқорлық ісімен 15 жылға сотталған болатын.

Таңғы 8:00-ге жуық Ала-Тоо алаңынан ауруханаларға 590 адам жеткізілді. Олардың 439-ы алғашқы медициналық көмектен соң, амбулаторлық емге жіберілді. Өзге де жарақат түрлерімен 150 адам ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, 24Kg мәліметінше, наразылық шеруіне шыққан бір адам алған жарақат әсерінен қаза тапқан. 

9:30-ға жуық Оштағы орталық алаңға жүзге тарта адам жиналғаны белгілі болды. Олар елді қазіргі президенті Сооронбай Жээнбековті қолдайтынын айтты.

Қырғызстанның бірнеше өңір жетекшілері бірден отставкаға кеткен. Өз қызметінен кеткендер тізімінде Талас, Нарын, Ыстықкөл облыс басшылары бар.

Елдегі жағдай басылмайынша, мектеп оқушылары қашықтан оқытылады.

Сағат 11:35 шамасында наразы топ Бішкек СИЗО-сынан Фарид Ниязовты шығарып алғаны анықталды. Ниязов – Атамбаевтың жақтасы, оны бұған дейін Қырғызсан президентімен бірге тұтқындаған еді.

ЕҚЫҰ сайлау күні жақсы ұйымдастырылып, шара тыныш өтті деп есептейді. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Толгоной Стамалиеваның сөзінше, мемлекет басшысы оқиғаны бақылауға алып, ОСК-ға сайлау нәтижелерін зерттеуге, парламент сайлау нәтижелерінің кұші жоюға кеңес берген.


Талқылау

Ұсыныстар
“Қырғызстанның тарихында өз азаматтарына оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді” – Жээнбековтің отставкасы
15қазан

“Қырғызстанның тарихында өз азаматтарына оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді” – Жээнбековтің отставкасы

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы өтініш жазды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

14:54