қыс, мезгіл, қар,

Қыс мезгілін қалай өткізу керек?

Санаулы күндерден соң сары күз де «Сау бол» десіп, есікті қытымыр қыс қағады. Қалай аурулардан сақтануға болады? Синоптиктер қыс жайлы не дейді? Осы тұрғыда қыс мезгілін қалай ұмытылмастай етіп өткізуге болатын аздаған кеңестер айта кетейік.

1) Қыс десе ең әуелі жаңа жыл еске түсетіні рас. Өткен жылға өкпесіз, жаңа жылды жаңа бастамамен бастайтын уақыт. Дегенмен осы айды тойлаудан алдын жаңа жылға толық шолу жасап, мүмкін болса шүкіршілік дәптерін жазуды бастаныз. Өзіңіз жасаған жақсы әрекеттерді еске алып өзінізді қуантыныз.

2) Алдағы жылға мақсат дәптерін арнау да жақсы идея. Келер 2023 жылға өзіңізге және жақындарыңызға жақсы тілектер арнап, осы жылы қалай да орындалу қажет кем дегенде 10-15 армандар тізімін жасаңыз. Бұл нәрсеге көпшілік басқаша қарағанымен армандауға, өз армандарыныздан ұялманыз.

3) Естен кетпес жаңа жыл кеші. Өзінізге ең жақын жандармен уақыт өткізіп, сыйлықпен қуантыңыз. Өзгелерде өкпе назыңыз болса кешіріп, өзініз де кешірім сұраңыз. Оларға қуаныш пен бақытты барынша беріңіз. Бұл әлем мейірімге мұқтаж ғой.

Алғашқы қар жайлы сторис пен қар астындағы би, аққала, трендтерсіз қандай қыс болмақ? Бұл нәрселер де көңіліңізді көтереді. Қыстың суығында бір-біріңізге жылу сыйлай біліңіздер. Егер би мен трендті ұнатпасаңыз ең болмағанда бір әдемі фото жасап алыңыз. Ертен ұл-қызынызға көрсетіп, күліп отырып еске аласыз.

4) Сонымен қатар денсаулығыңызға күтім жасауды да ұмытпаңыз. Қыс аурулардың максималды дамитын шағы. «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» демей ме? Суықтан сақтаныз. Ауада ЛОР вирустары суық температурада жылдам дамиды. Бұл сыртқа шықпауға себеп емес, тек кейбір мінез-құлық ережелерін сақтаңыз. Мысалы қолды жиі жуу, жаттығулар, физикалық белсенділік, аптасына 30-40 минуттық болса да жаттығулар, иммунитет әлсіреп кетпеу үшін жоғары калориялы тағамдарды көптеп тұтынған абзал. Және күніне 2-3 болса да жеміс жидек тұтыныңыз. Сонымен қатар ғалымдар адам шаршау болғанда вирустар жұғу қауіпі 2-2,5 есе артатынын дәлелдеді. Сондықтан демалысты да ұйымдастыра білініз. Тыныш әрі дұрыс ұйқы қай кезде де маңызды!

Синоптиктер болса қараша күзден қысқа ауысудың сатылы үдерістері жүретін уақыт екенін ескертеді. Бұл уақытта ағза сезімталдығы артып, кез келген нәрсені сіңіріп алуы мүмкін екен. Ауа райына қарамастан қалың киінуге кеңес береді. Ал қыстың өзі болса климаттық нормаға сәйкес болады дейді. Жылдың ең суық уақыты қаңтар айы болмақ. Моңғолия аумағынан енетін антициклон күшеюінен температура солтүстікке -35-40, оңтүстікте -22-30 ға түсуі күтіледі. Суық көктемнің алғашқы айында да сақталуы мүмкін. Жауын шашынның мөлшері жылдағыдан аз, сирек болады деп күтілуде.

Қысқа қазірден дайындық жасап сақ жүріңіздер. Және мандарин, оливье мен жаңа жылдық фильмдерді де ұмытпаңыздар!

Дінмұхаммед Тансық

 


Талқылау