Ыстамбұл, жарылыс, Истиклал,

Ыстамбұлдағы жарылыс: 6 адам қаза тапты

Ыстамбұлдағы Истиклал көшесінде бомбалы шабуыл жасалды. Шабуылда 6 адам қаза тапты, 81 адам жарақат алды, оның 2-і ауыр хәлде. Жарылысты тергеумен 8 прокурор мен 2 бас прокурордың орынбасары айналысуда, деп хабарлайды NTV.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу шабуылды жасаған террор ұйымы PKK/PYD-ны көрсетті. Министр Сойлу «Бізде әрекеттің бұйрығы Кобаниден келгені және қылмыскердің Африннен өткені туралы болжамымыз бар», деді. Сойлу Ыстиклал көшесіне бомба тастаған адамның Стамбул полиция департаментіне қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ ол бұған дейін тағы 21 адам ұсталғанын атап өтті.

Шабуыл кезінде 81 жарақат алғаны және 50 адамның шығарылғаны туралы ақпарат бар. Олардың кейбірі сақтық үшін құлақтары шуылдап ауруханада ұстаған. Дәрігерлер ауруханадан шығуға болатынын айтқан соң ғана барлығы шығарылды. Қазір 5 жаралы жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 2 жарақаттанушының жағдайы ауыр.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған алдын ала тергеулерге сәйкес, шабуылдан «террористік иіс» шыққанын айтты. «Алғашқы тұжырымдар әйелдің рөл атқарғанын көрсетті, опасыз шабуыл жасағандар әшкереленеді», - деді Ердоған.

Әділет министрі Бекир Боздаг жарылыстың қалай болғаны туралы келесі мәліметтермен бөлісті: «Бір әйел сол жердегі орындықтардың бірінде белгілі бір уақыт, 40 минуттан астам отырады, содан кейін тұрады және 2 минуттан соң жарылыс болды. Немесе оның жанындағы бомба орнатылған сөмкені әйел тұрған соң басқа жақтағы басқарушы жарылыс тетігін басқан деген екі түрлі болжам бар екенін хабарлады.

Айта кетейік жарылысқа қатысты әлеуметтік желідегі аккаунттардан жасалған жалған ақпаратқа қатысты да тергеу басталды.

Мехринисо Абдурашидова


Талқылау