BBC World News, ақш, қытай, саясат, бақ,

Қытай BBC World News-тің жұмысына тыйым салды

Әнуар Құрманғазы, Алматы, (h-news.kz) - Британдық BBC World News телекомпаниясының Қытайда таратылуына тыйым салынды, деп хабарлады Қытайдың Ұлттық радио және теледидар бойынша басқармасы(NRTA).

Басқарма тергеу барысында BBC World News-тің Қытай туралы хабарлары ережелерді «елеулі түрде бұзып», Қытайдың ұлттық мүдделері мен тұтастығына нұқсан келтіретіндігін анықтаған.

Сондай-ақ мәлімдемеде, BBC Қытайдағы шетелдік арналарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді және оның хабар тарату өтінімі тағы бір жыл бойы қабылданбайды, делінген.

Қытай билігі аталмыш шараны ВВС 3 ақпанда Қытай лагерлеріндегі ұйғыр әйелдерін азаптау және жыныстық зорлық-зомбылық көрсету туралы егжей-тегжейлі хабар таратқаннан кейін жасады.

Айғақтарға негізделген ұзақ тергеу барысында BBC Қытайдың батыс Шыңжаң аймағында полиция мен күзетшілердің жүйелі түрде зорлау, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету және әйел тұтқындарды азаптауы туралы хабарлады.

BBC-дің баяндамасында электр тоғымен азаптау, куәгерлердің айтуынша, әйелдер топтық зорлау мен мәжбүрлі түрде зарарсыздандыруға ұшыраған.

Еске салсақ, 4 ақпанда Ұлыбританияның медиа реттеушісі Ofcom CGTN-дің редакциялық саясаты Қытайдың коммунистік партиясына тиесілі екенін анықтағаннан кейін қайтарып алды.


Талқылау

Ұсыныстар
 Қытайлық телеарна Ұлыбританиядағы лицензиясынан айырылды
6ақпан

Қытайлық телеарна Ұлыбританиядағы лицензиясынан айырылды

Әнуар Құрманғазы, Алматы, (H-news.kz) - Британдық реттеуші қытайлық CGTN арнасын меншік иесі емес, Коммунистік партия бақылайтынын анықтады. Бірнеше ескертулерден кейін арнаның лицензиясы жойылды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

12:11
Еуропалық парламент Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы қаулы қабылдады
15ақпан

Еуропалық парламент Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы қаулы қабылдады

Жансая Нурбекова, Алматы (H- news.kz). Жуырда Еуропалық парламент Қазақстанды адам құқығын бұзу деп таныған қарарды қарап, қабылдаған болатын. Құжатты қабылдауға 693 Еуродепуттардың 598-і дауыс берді, 43-і қарсы дауыс берсе, тағы 52-сі қалыс қалды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

11:43