Қытай, су тасқыны, Янцзы,

Қытайдағы су тасқыны: Янцзыда 100 000 адам эвакуацияланды, Будда ескерткіші қауіпті аймақта

Су тасқыны 1200 жылдық ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына қауіп төндіргендіктен, Қытайдың Янцзы өзенінің бас жағасындағы аудандардан 100 000-нан астам адам эвакуацияланды.

Құтқару штабы, полиция және еріктілер Сычуань провинциясындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра мекені 71 метрлік (233 фут) алып алпауыт Будданы қорғауға тырысты. CCTV хабар тарату компаниясының мәліметінше 1949 жылдан бері тұңғыш рет мұнараға су көтерілді.

Сычуань провинциясының билігі, Янцзы маңындағы сейсенбілік күшті жаңбырдың жаңа кезеңіне төтеп беру үшін төтенше жағдай режимін ең жоғарғы деңгейге дейін көтерді.

Өзенге бақылау жүргізетін үкімет органы Янцзы су комиссиясы сейсенбі күні кешке қызыл дабыл беріп, кейбір бақылау бекеттеріндегі судың «кепілдендірілген» су тасқынынан бес метрден (16,4 фут) асатынын болжағанын айтты.

Сәрсенбіде су тасқынының алдын алуға арналған «Үш шатқал» атты  қуатты гидроэлектрстанциясының жобасында су көлемі секундына 74 000 текше метрге дейін жетеді деп күтілуде, бұл оның құрылысы басталғаннан бергі ең жоғары деңгей, деп хабарлады Су ресурстары министрлігі.

Аталмыш жоба су қоймасындағы кемінде 10 метр (33 фут) жоғары деңгейге көтеріліп, төменгі ағысқа қарай ағып жатқан судың мөлшерін шектейді.

Сыншылардың пікірінше, билік жағдайды ушықтыруы мүмкін. Алайда Янцзының жоғарғы ағысында салынған үлкен бөгеттер мен су қоймаларының каскады аймақты биылғы су тасқынынан қорғайды деп есептейді басқарушылар.


Талқылау