Елім-ай сыйлығы, экология, орман шаруашылығы,

Үздік табиғат қорғаушылары тұңғыш рет «Елім-ай» сыйлығымен марапатталды

Қазақстанда тұңғыш рет орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы “Елім-ай” сыйлығы табысталды, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

«Елім-ай” сыйлығымен инспекторлар, орманшылар, балық шаруашылығы өкілдері мен экобелсенділер марапатталды.

“Біздің министрлік алдына экология саласындағы қызметкерлердің, экобелсенділердің статусын көтеру міндетін қойып отыр. Сала мамандарының материалдық жағдайын көтеруге қатысты қадамдар жасалды. Браконьерлік үшін жаза қатайтылды. Өткен жылы ақбөкендерді қорғау жолында қорықшыларымыз – Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың браконьерлер қолынан қаза тапқанын ешкім ұмытқан жоқ. Бұл – инспекторлардың мәртебесін жоғарылату жолындағы белсенді жұмысты жалғастыруымыз қажеттігінің үлкен белгісі», - деп атап өтті министр Мағзұм Мырзағалиев.

Экология министрлігі «Елім-ай» сыйлығы шарасын дәстүрлі түрде жыл сайын өткізбек ниетте.

 


Талқылау

Ұсыныстар
Еліміздегі ең лас қалалар анықталды
25қараша

Еліміздегі ең лас қалалар анықталды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланы денсаулыққа қауіпті деп мәлімдеді.

15:07