Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды техникалық нокаутқа түсіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Кездесу Лос-Анджелестегі Banc of California стадионында өтті. Орта салматқа өнер көрсеткен Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын алдымен екінші раундта нокдаунға түсірді. Алайда, «Qazaq Style» ауыр соққыларымен бесінші кезеңде Стюарт МакЛелланды техникалық нокаутқа түсірді.

Осыдан кейін BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы 64-орыннан 63-ке көтерілді.


Талқылау