Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Лос-Анджелесте өткен бокс кешінде Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп екі титулды жеңіп алды.

Жекпе-жек 10 раундқа созылды. «Qazaq Style» деген атпен танымал жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Кездесу нәтижесі бойынша төрешілер бірауыздан Жәнібек Әлімханұлын жеңімпаз деп тапты. Осылайша WBC Continental Americas, WBO Global белбеулеріне қазақ боксшысы ие болды. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы барлығы алты жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.


Талқылау