референдум, конституция, жалпыхалықтық референдум, реформа,

Жалпыхалықтық референдум: Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледі?

Бесінші маусымда еліміздегі Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін референдумға ел тұрғындары да атсалыспақ. Ал, Конституцияның жаңа нұсқасында Президенттің өкілеттілігі мен парламент жұмысына бірқатар өзгерістер енгізіледі. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек.

«Өлім жазасына толықтай тыйым салу»

2021 жылдың соңында ел Президенті өлім жазасын толық түрде жою жайлы заңға қол қойған болатын. Конституцияның 6-шы бабының 3-ші тармағында: «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады»-делінген.

«Қазақстан Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс»

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті өз өкілеттілігі кезеңінде қандай да бір саяси партияның мүшесі бола алмайтынын жеткізді. Ол 26 сәуір күні Amanat партиясының басшысы қызметінен кетті. Конституцияның жаңа тармағында осы мәселелер қамтылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша, жаңа Конституцияға Президенттің жақын туыстарына «саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ» деген тармақ қосылды.Сонымен бірге, 46 баптың  4 тармағындағы Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы бөлім алынып тасталды. Жаңа Конституция бойынша бір адам екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды. Қолданыстағы заңда аталған шектеудің тұңғыш Президентке қолданылмайтыны жайында жазылған. Алайда, баптың осы бір бөлігі жойылды. Бұл қазіргі мемлекет басшысына да қатысты. Егер Тоқаев президенттік мерзімі аяқталған соң қайта сайлауға түсуді шешсе және халық бұл шешімді қолдаса, ортақ мәміле бойынша қайта Президенттікке ұсынылады.

“Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі”

Конституцияның 6-бабы 3-тармағының ескі редакциясында:

"Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін”,-делінген. Ал, жаңа Конституцияда олардың халыққа тиесілі екені жазылған.

Мәжбүрлі еңбек

Конституцияда кез-келген адамның еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар делінген.Ал, қазір бұл норманы былай жазу ұсынылады: "Мәжбүрлі еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі"

Заң бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларын, Ұлттық Банк төрағаларын, бас прокурор мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін ел Президенті тағайындайды. Сонымен қатар, Конституцияның жаңа нұсқасында енді президент Сенаттың он депутатын ғана тағайындай алатыны жазылған. Депуттардың бесеуі-Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша сайланады.

Айта кетейік, жаңа Конституцияда мемлекеттің тәуелсіздігі, Республиканың бірегейлігі мен біртұтастығы, оның басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері өзгермейді.


Талқылау

Ұсыныстар
Н.Назарбаев: Міндетті түрде референдумға дауыс беруге қатысамын
31мамыр

Н.Назарбаев: Міндетті түрде референдумға дауыс беруге қатысамын

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа сұхбат беріп, қоғамда орын алып жатқан оқиғалар жайлы пікірімен бөлісті.

14:41