ӨЗЕН, ластану, тазарту, жасанды интеллект, экология,

Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен Ұлыбритания өзендеріне ағатын ластанған сулардың бұрын тіркелмеген жүздеген шығарындылары анықталды, деп хабарлайды BBC.

Компьютерлік алгоритм өзендерде байқалмай келген қалдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, жауын-шашын болған кезде ластанған ағынды суларды тазалау қондырғыларындағы құбырлар толысады. Нәтижесінде тазартылмаған ағынды сулар тасып, құбырлардан су жолдарына төгіледі. Тазартылмаған сулардың бұлай тасып төгілуі қондырғы ағынының жылдамдығын және пішінін өзгертеді. Яғни ағын жылдамдығы мен пішінінің  қалыпты-қалыпсыз деректері арқылы алгоритм тыс қалып қойған қалдық суларды анықтап  береді. Бұл - өзен суларын сақтап қалу мәселесін тиімді жолмен шешу тәсілі. 

Rivers Trust қайырымдылық ұйымының қызметкері Кристин Колвин берген сұхбатында: "Біз өткен жылы ағылшын өзендеріне ластанған ағынды сулардың төгілуіне қатысты алғашқы ұлттық картасын жасадық. Сол кезде біз өзендердің қаншалықты деңгейде ластанғанына аң-таң болдық. Біз әлі де анықталмаған артық шығындардың қаншалықты кең екенін білмейміз," деді. 

Оның айтуынша, мәселені шешу оңайға соқпайды, өйткені ескі және жаңа тазалау инфрақұрылымы үлкен инвестиция қажет етеді. Бұл мәселеде басты назар аударатын нәрсе - қалалар мен аудандарда жауын-шашынның ағындарын басқару жолдары. 

Көптеген компаниялар өз активтерін басқару үшін жасанды интеллект әдісін  қолданады. Ал болашақта өзендердің жағдайын одан әрі жақсарту үшін жаңа және инновациялық әдістер қолданылады.


Талқылау

Ұсыныстар
Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды
10сәуір

Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Азық-түлік өндірісі мен оның таралуы бүкіл парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін құрайды. Бірақ тұтынушуға тамақтанатын заттарының климатқа әсерін өлшеу қиын.

12:33
Орманға қалай көмектесуге болады?
26наурыз

Орманға қалай көмектесуге болады?

Әсел Өмірсерік, Шымкент, (H-News) - Өткен аптада БҰҰ бекіткен Халықаралық орман күні аталып өтті. Дәлірек айтсақ, 2012 жылдан бастап 21-ші наурыз күні орманның маңыздылығын түсіндіру күніне айналған. Бүгін дәл сіз бен біздің өмірімізге ормандардың қандай әсері барын, әрі, сол байлығымыздан айырылып қалмас үшін жеке азамат ретінде біз не істей алатындығымыз туралы сөз қозғаймыз.

17:34
Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті
10сәуір

Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Ұлыбританияның электр жүйесі Пасха мерекесінде түскі уақытта "ең жасыл" деңгейде болды, деп хабарлайды H-News BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.

12:04