турист, жоғалу, тау, ТЖД, Сайрам-өгем, қасқасу,

Жоғалған екі жігітті іздестіруге Республикалық жедел -құтқару жасағы тартылды

Түркістан облысындағы тауда жоғалып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздестіру үшін республикалық жедел-құтқару жасағы тартылды, деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқару жасағы Айғыржыққан өзенінің оң және сол жағымен Орта қызыл зау шатқалына дейн бағыт алды. Таулы рельефтердің болуы және өзендердің қатты ағысы іздеу жұмыстарын жүргізуде қиындық туғызып жатыр.

Мамандардың мәліметінше осы уақытқа дейін іздеу жұмыстары 1424 шақырымнан асатын тау шатқалдары бойымен жүргізілді. Пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, шамамен 160 шақырым аумақ зерттелді. «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтарымен аэровизуальды барлау жасалды. Жалпы 10420 мыңнан астам шақырым жер әуеден тексерілді.

Айта кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ «РЖҚЖ» ММ  құтқарушы және  кинологиялық есеп, Түркістан облысы ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдардан, ҰҚК Шекара қызметінен, ІІМ Ұлттық гвардиясынан, Ұлттық парктен, Альпинизм федерациясынан 122 адам, 14 бірлік техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ 1 тікұшағы және туысы жұмылдырылды.


Талқылау

Ұсыныстар
Қасқасу тауында жоғалған 7 жігіт іздестірілуде
27мамыр

Қасқасу тауында жоғалған 7 жігіт іздестірілуде

17:01
ТЖД: «Табылған 3 жігіт достарынан қалып қойған»
28мамыр

ТЖД: «Табылған 3 жігіт достарынан қалып қойған»

16:26