Зинедин Зидан, Реал Мадрид, Конте, Аллегри, Футбол, бапкер,

Зидан «Реал Мадрид» клубынан кететінін мәлімдеді. Орнына кім келеді?

Испаниялық «Реал Мадрид» футбол командасының бас бапкері Зинедин Зидан клубтан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Фабрицио Романо твиттердегі пақшасында мәлімдеді.

«Реал Мадрид» пен Зинедин Зиданның жолы екіге айырылады. Жақын арада бұл туралы ресми мәлемдеме жасайды. Зизудың кететінін 100 пайыз»,-деп жазды Фабрицио Романо.

Зиданның орнына Макс Аллегри келуі бек мүмкін. Өйткені, Мадридтік клуб басшылығы онымен тікелей байланыс жасап отыр. Алайда Аллегриге «Реалдан» бөлек «Ювентус» және «Интер» клубы да қызығушылық танытуда.  

Ал кейбір ақпарат көздері Корольдік клубқа Антонио Конте келеді деп топшылап отыр. Өйткені, Италиялық бапкер де күні кеше «Интермен» қош айтысты.

 

Айта кетейік, Зидан «Реал Мадрид» командасымен Чемпиондар лигасын 3 рет, Испания біріншілігін 2 рет, Клубтар арасындағы әлем біріншілігін 2 рет жеңіп алды. Сондай-ақ Камп Ноуда және Ванда Метрополитанода ешкімге жеңілмеді. 

 


Талқылау