зинедин Зидан, жаттықтырушы, үздік, футбол, чемпинодар лигасы,

ЗИНЕДИН ЗИДАН ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ АТАНДЫ

«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан 1992 жылдан бері Чемпиондар лигасы тарихындағы «ең үздік жаттықтырушы» атанды. Рейтингті статистикалық мәліметтермен айналысатын жетекші футбол порталы Squawka жасады.

Squawka француз жаттықтырушысы Зиданның сіңірген еңбегін атап өтті:

-         «Реал Мадридпен» қатарынан үш рет Чемпиондар лигасының кубогын (2016, 2017, 2018) жеңіп алды.

-         Жеңген матчардың пайызы бойынша Зидан 65% көрсеткішпен жоғары нәтижелердің қатарында бой көрсетті.

Зиданның артынан Чемпиондар лигасын екі рет жеңген Хосеп Гвардиола (61 пайыз), үш трофеямен Карло Анчелотти (55), Жозе Моуриньо (57 пайыз / екі трофея), ал Луи ван Гаал бір титулымен және 60 пайызымен бестікке кірді.


Талқылау