ақш, мигрант,

АҚШ-та жүк көліктен 46 адамның мәйіті табылды

АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында 46 мигранттың мәйіті бар жүк көлігі табылды. Өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше, аман қалған 16 адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ал, оның төртеуі-балалар. Құтқарушылар оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша 18:00-де келіп, мәйіттерді қала шетіндегі теміржол жолдарының жанынан тапқан. Кейбір деректер бойынша оқиға Сан-Антониодағы климаттық жағдайларға байланысты орын алған. Жаз айларында мұнда ауа температурасы +39 градусқа дейін жететін көрінеді. Ал, жүк көлігінің ішінде салқындатқыш құрылғы болмаған. 

Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрард зардап шеккен жолаушылардың ұлты әлі де белгісіз екенін жеткізді. Ал, шетелдік баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, құрбандардың жеке құжаттары болмаған. Полиция қызметкерлері оларды мигранттар болуы мүмкін екенін топшылап отыр. Жергілікті халық қазіргі президент пен шенеуніктер жүргізіп жатқан көші-қон саясатын сынға алуда. Ал, дәл қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиға орнын тексеріп, тергеу амалдарын жүргізуде.


Обсуждать